Өмірін жалмаған бәс: 40 жұмыртқа жеп түйіліп қайтыс болды

05.11.2019 19:41

41-жұмыртқаны жегеннен кейін Ядав есінен танып қалды

yandex.com

Үндістанның тұрғыны Субхаш Ядав бір мезгілде көп жұмыртқа жеу салдарынан 42 жасында көз жұмды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады дейді Stan.kz.

42 жастағы ер адам досымен базарға барған, сол жерде олардың арасында жанжал шыққан. Олар дауды бәстесіп шешуге шешім қабылдады. Келісімге сәйкес, 50 жұмыртқаны жеген адамға 2000 рупий беру керек еді.

41-жұмыртқаны жегеннен кейін Ядав есінен танып қалды. Оны шұғыл түрде ауруханаға жатқызды, бірнеше сағаттан кейін ол қайтыс болды. Дәрігерлер өлімнің шамадан тыс тамақтанудан туындаған асқынулардың салдарынан болғанын анықтады.