Жерасты дүмпуінің эпицентрі 8 мың тұрғыны бар Керайкри қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде орналасқан
Жаңа Зеландия құрамына кіретін Кермадек архипелагі ауданында сенбі күні магнитудасы 6,9 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмика орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Almay.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Олардың дерегі бойынша, жерасты дүмпуінің эпицентрі 8 мың тұрғыны бар Керайкри қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 150 шақырым.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.
Оқи отырыңыз: Бопсалаушылар қолға түсті: жәбірленушіге күш қолданып, 1 млн теңге талап еткен