Осы жылдың соңына дейін 100 миллион дозаға дейін вакцина шығармақ
Пауль Эрлих институты екінші және үшінші кезең деп аталатын тиісті сынақтарды мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Германияда «Biontech» неміс фирмасы және оның америкалық серіктесі «Pfizer» фармацевтикалық өндірушісі жасаған SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның клиникалық сынақтары өткізіледі. Германиядағы сынақтар шілде айында басталған халықаралық зерттеудің бөлігі саналады. Оған вакцина немесе плацебо алатын 30 мыңға дейін ерікті қатысады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта клиникалық сынақтарға әлемнің 120 зерттеу орталығында 25 мың ерікті қатысып үлгерді.
«Үшінші кезеңнің сынағы – бұл вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін түпкілікті растаудың маңызды шарты», – деп атап өтті дүйсенбіде «ВioNTech» негізін қалаушы Угур Сахин.
Егер сынақтар сәтті өтетін болса, екі компания қазан айында вакцинаны нарыққа шығаруға өтініш беруді жоспарлап отыр. Рұқсат етілген жағдайда осы жылдың соңына дейін 100 миллион дозаға дейін вакцина шығармақ, ал 2021 жылдың соңына қарай вакцинаның 1,3 млрд-тан астам дозасын шығару жоспарлануда.
Бүкіл әлемде фармацевтикалық концерндер мен биотехнологиялық компаниялар коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін жұмыс істейді. Германияда бұған дейін тағы бір кәсіпорын – Тюбингендік «СureVac» биотехникалық компаниясы клиникалық сынақтар жүргізе бастаған болатын.
Еске сала кетейік, SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы әлемдегі алғашқы "Sputnik-V" (Sputnik-V) вакцинасы. Ресейде 11 тамызда тестілеудің үшінші кезеңінен өткенге дейін тіркелді, бұл препаратты бірнеше мың еріктіге сынап көру жоспарлануда. Осыған байланысты ресейлік вакцинаны бірқатар сарапшылар мен ұйымдар, атап айтқанда, фармацевтикалық компаниялар мен ресейлік клиникалық зерттеулер нарығының қатысушыларын біріктіретін клиникалық зерттеулер ұйымының қауымдастығы сынға алды.
ДДСҰ өкілінің бағалауы бойынша жаңа препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы барлық деректер мұқият тексерілуі тиіс.