Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауы басталды

09.02.2020 19:53

Милли Меджлисте 125 орынға тіркелген 1314 үміткер бақ сынайтын болады

so-l.ru

Бүгін, 9 ақпан күні Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Айта кетейік, Милли Меджлисте 125 орынға тіркелген 1314 үміткер бақ сынайтын болады. Барлығы 2431 адам қатысуда. Бір депутаттық мандатқа 10-11 үміткер таласып отыр. Сайлауға қатысушылардың арасындағы үміткерлердің 21%-ы – әйелдер. 5573 сайлау учаскесінің 1000-ына бақылау камералары орнатылды.


58 ел мен 59 ұйым атынан 883 халықаралық бақылаушы аккредитациядан өтті. Жергілікті бақылаушылар саны – 77 мың адамнан астам. Дауыс беруге 5 387 600 сайлау бюллетені басылып шығарылды.


Еске салайық, 28 қарашада «Ени Әзербайжан» билік етуші партиясынан сайланған депутаттар Милли Меджлиске Парламентті таратып, кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдаған болатын.


5 желтоқсан күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисінің V шақырылымын тарату және Әзербайжан Республикасының кезектен тыс Милли Меджлис сайлауының өткізу жөніндегі» өкіміне қол қойды.