Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионнан асты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы бюросының директоры Ханс Клюге күзде Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім саны көбейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Жағдай күрделене түседі. Қазан-қараша айларында біз өлімнің көбеюін болжаймыз», – деді Клуге.
Мұның алдында ДДҰ коронавирус жұқтырғандар санының рекорд орнатқанын мәлімдеген болатын - әлемде күніне 307,9 мың науқас тіркелген еді.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионнан асты.