Италиялық азаматшаға поликистоздық жұмыртқалар синдромы деген диагноз қойылған
Италияның 25 жастағы тұрғынының аузына шаш өсіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Әйел адам белгісіз ауруға шалдыққандықтан ауруханаға барып шағымданған. Дәрігерлер әйелдің сирек кездесетін ауруға шалдыққанын айтыпты. Бүкіл әлемде осы уақытқа дейін «ерекше» сырқат тек 5 ер заматтың бойынан табылған.
Мамандар ғылыми әдебиеттерде бұл ауру туралы өте сирек айтылғаны туралы мәлімдеді.
Италиялық азаматшаға поликистоздық жұмыртқалар синдромы деген диагноз қойылған. Бұл ауруға шалдыққандар денесінде және бетінде шаштың өсуі жиілеп кетеді.
Дәрігерлер азаматшаның иегі мен мойнына шаш өсіп кеткендігін анықтаған. Кейіннен әйелдің таңдайынан да шаштың өскені табылыпты.
Хирургтар ауыз қуысында өскен шашты алып, әйелге гармоналдық дәрі жазып беріпті. Бір кездері бұл емнің пайдасы болған, бірақ одан кейін ауызындағы шаштың өсуі мүлдем жиілеп кетіпті. Енді оның қызыл иегіне (тіс етіне) де шаш өсіп кетіпті.
Мамандар ауыздың қатты тіндеріне өсіп кеткен шаш түктерін тауып, қатты таңқалыпты. Бұл жағдайдың себебін дәрігерлер түсіндіре алмай отыр. Десек те әйел өмір бойы гормоналды дәрі ішіп өтеді.