Зауыттағы жарылыс: 5 адам көз жұмды

10.06.2023 22:31

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр

Gettyimages.ru

Маусымның 10 күні таңғы сағат 08:50-де Түркия астанасы Анкарада зымыран және жарылғыш материалдар жасап шығаратын зауытта жарылыс болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Оқыс оқиға Анкарадағы Елмадақ ауданында орналасқан MKE (машина және химия өнеркәсібі) зауытында болған.

Салдарынан зауыттың бес қызметкері көз жұмды, зардап шеккендер де бар. Олар жақын маңдағы аурухунаға жеткізілген. Жарылыстан кейін өрт бұрқ еткені де хабарланады. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі аталған қайғылы оқиғаға байланысты әкімшілік тергеу басталғанын атап өтті.