Әлеуметтік желіде ұлттық асымыз трендке айналды
Ғаламторда қытайлық блогер әзірлеген қазақтың ұлттық тағамы бешбармақ туралы видео танымал болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі instagram-ға сілтеме жасап.
Қазақстандық желі қолданушылары «Еліміздің ұлттық тағамын әлемнің түкпір-түкпірінен көбірек адамдар білетін болды» деп мақтан тұтты.
Видео контенттің астына түрлі пікір қалдырған желі қолданушылары ұлттық тағамды таяқшамен жеген блогердің әрекетіне таңданыстарын білдірді.
Кейбір желі қолданушылары бұл рецептті онша бағаламады. «Қазақтың ұлттық тағамын қор қылды» деген де пікірлерді кездестіруге болады.
Оқи отырыңыз: Желіде қазақ тілін түсінетін иттің видеосы тарады