Жапонияда ұшатын мотоцикл пайда болды

baq.kz
baq.kz
Мұндай мотоциклдер 2022 жылдың бірінші жартысында шыға бастайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жапонияда бағасы 680 мың доллар тұратын ұшатын байк таныстырылды, ол сағатына 100 км жылдамдықпен жүре алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

XTurismo Limited Edition мотоциклі қарапайым қозғалтқыш және төрт батарея қозғалтқышпен қамтылған. Әуе мотоциклінің салмағы 300 келі және әуеде 40 минут тұра алады.

Мотоциклді жасаушылар оны көңіл көтеру үшін ғана емес, адам құтқару кезінде де пайдалануға болатынын айтады.

Аталған жобаға Kyocera және Mitsubishi Electric сияқты компаниялар қазірден инвестиция құюды бастаған.

Мұндай мотоциклдер 2022 жылдың бірінші жартысында шыға бастайды. Өндірістің күші жылына 200 аппарат шығаруға қауқарлы.

Новости партнеров