Бала әлі де жансақтау бөлімінде жатыр, оған бір ота жасалды, екіншісі жоспарланып отыр, жараланған қолын сақтау мүмкін болмады
25 қазанда Мысырдың Шарм-эль-Шейх курортында Украина азаматы мен оның 12 жасар баласына акулалар шабуыл жасады. Бұл туралы дүйсенбі, 26 қазанда Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік агенттік мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Корреспондент.net-ке сілтеме жасап.
«Бала әлі де жансақтау бөлімінде жатыр, оған бір ота жасалды, екіншісі жоспарланып отыр, жараланған қолын сақтау мүмкін болмады», – делінген хабарламада.
Мемлекеттік туризмнің хабарлауынша, туроператорлардың ескертулеріне және тыйым салуларына қарамастан, демалушылар қонақүйден тыс жергілікті тұрғындардан экстремалды турларды сатып алатын жағдайлары бірінші рет болып отырған жоқ.
«Олар бұл үшін бөлек сақтандыру полисі қажет екенін тіпті білмейді. Қазір Мысыр үкіметі емдеу шараларын өз мойнына алды, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.
"КП в Украине" басылымы Turprofi туристік агенттігіне сілтеме жасай отырып, оқиғаның экскурсиялық яхталарды тоқтатуына тыйым салынған Рас Мұхаммед қорығындағы жүзу кезінде болғанын хабарлады. Ұл баланың анасы акула шабуылынан ауыр жарақат алған. Ал баласы қолының шынтақтан төмен бөлігінен айырылған. Зардап шеккен анасы мен баласына да ота жасалған. Экскурсияны жүргізген нұсқаушы да жарақат алған.
Turprofi-дің мәлімдеуінше, туристер экскурсиялық яхталармен аквалангтық қызметті туроператордан немесе оның серіктестерінен емес, Синай курорттарында тыйым салынған үшінші тұлғалардан сатып алған.
«Алдымен туристер мұндай экскурсияны сатып алу үшін қонақ үйдегі гидке жүгінген. Олар бас тартып, Мысыр үкіметі жүзетін құралдармен дайвингке тыйым салғанын ескерткен. Осыдан кейін туристер мұндай қызметті өздері демалып жатқан қонақ үйден тыс үшінші тұлғалардан сатып алуды шешкен», – дейді туристік агенттік.