Ыстықкөлге барып коронавирус жұқтырғандар 2 мыңнан асты

29.07.2020 20:37

Салдарынан ауруханаларда орын жетіспей жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қырғызстандағы ірі демалыс орнына келушілер арасында коронавирус жұқтырғандар саны 2 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ыстықкөлге кіреберісте адамдардың дене қызуы өлшеніп, тиісті шаралар жүргізілген. Десе де, кейін олардың коронавирусты демалыс орнында  жұқтырғаны анықталды. Салдарынан ауруханаларда орын жетіспей жатыр.  

Сондай-ақ, кейінгі күндері әлеуметтік желілерде қырғызстандықтардың "Дәрігерлерден айырылып жатырмыз" деген аудиожазбасы тарады. Чолпон-Ата ауруханасында түсірілген жазбада дәрігер тапшылығы туралы айтылған.

Осыған дейін бас дәрігер мен отбасындағы 4 адам және  реаниматолог вирустан қайтыс болды. Көбісі зейнеттегі кісілер. Қазір екінші бас дәрігер ауыр халде жатыр.