Иесінің ұйқысын бұзбау үшін оятарды өшірген мысықтың әрекеті елді таңғалдырды

05.03.2021 20:38

Видеода Гера атты сүйкімді қызыл мысық иесінің ұйқысының бұзылмауын қадағалағаны көрсетіледі

стоп-кадр

Жақында Брянск қаласының тұрғыны Екатерина Мохнач тиктокта әлемдегі ең қамқор мысық туралы видео жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ridus.ru сайтына сілтеме жасап.

Видеода  Гера атты сүйкімді қызыл мысық иесінің ұйқысының бұзылмауын қадағалағаны көрсетіледі. Кішкентай Настяның жанында тыныш ұйықтап жатқанда смартфондағы оятар шырылдайды. Бірақ ол сигнал бере бастағанда, мысық телефонға жақындап, дабылды аяғымен өшіреді. Енді қыздың ұйқысын ештеңе бөлмейді.