Ресейдің «Rusich 10» және Түркияның Tashin Imamoglu жүк таситын кемелері сенбі күні Босфор бұғазында соғылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Түркияның жағалау күзеті мәлім етінше, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген, тек кемелерге ғана зақым келген. Оқиға орнына жағалау күзетінің буксирлері жіберілген.