Мұздан жасалған «таққа» отырып суретке түспек болған әйел теңізге ағып кетті (ВИДЕО)

04.03.2019 20:54

Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Йёкюльсаурлоун мұзды мүйісінде орын алған

Исландияда АҚШ-тан келген турист Джудит Стренг суретке түсу үшін мұзтаудан жасалған «таққа» отырамын деп теңізге ағып кетті.

Бұл туралы ABC арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Йёкюльсаурлоун мұзды мүйісінде орын алған.

«Ол отыруға ыңғайлы болып қатып қалған екен... «Тамаша, бұл қызық болар еді», - деп ойладым. Мұзтаудың үстіне шыққанда, ол теңселе бастады және толқын жақындап келе жатқан еді», - дейді Стренг.

Оқиға орнына жақын жерде жүрген флоридалық капитан Рэнди Ланконттың көмегімен әйел шұғыл түрде құтқарылды.