Өзбекстанда күйеуінің соққысы мен қорлауына шыдамаған келіншек өзіне қол салды, деп хабарлайды Сa-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Өзбекстан азаматы әйелін үнемі соққыға жығып, балағаттаған. Олар екі баланы тәрбиелеп отырған.
Ер адам тоқал алып, бір үйде тұруды ұйғарған. Алайда әйелі бұған қарсылық білдіргенде, оны одан бетер ұра бастаған.
Бір күні үйіне мас күйінде келген күйеуі әйелін тоқалына құда түсуге мәжбүрлеген.
Мұндай қорлыққа шыдай алмаған келіншек үйінің ауласындағы қақпаға асылып өлген.
Сот өзіне қол жұмсауға жеткізгені үшін ер адам қылмыстық жазаға тартылды.
Іске қатысты басқа ақпарат белгісіз.