Тұңғыш рет ұшқышсыз әуе таксиі аспанға көтерілді

24.01.2019 21:11

Жақында діттеген жеріңізге әуе таксиімен баруыңыз мүмкін. Боинг компаниясы алғашқы әуе таксиін таныстырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Әлемдегі ең ірі аэроғарыш компаниясы автономды ұшақтың сынақтан сәтті өткенін мәлімдеді. Оның алғашқы сапары небәрі 60 секундқа созылған. Әуетакси электр қуатымен жұмыс істейді және оның автономиялық ұшу қашықтығы 80 шақырымға дейін жетеді.

Ұшқышсыз таксидің ұзындығы тоғыз метр, ал ені – 8,5 метр. Техникалық аппараттың басқа сиппатамалары жарияланбаған. Компания сынақтарды әлі де жалғыстыра бермек екен.