Әлем бойынша 3 миллионнан көп науқас бақилық болды
Үндістанда коронавирус жұқтырудың антирекорды тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соңғы тәулікте 332 мың тұрғыннан ауру анықталған. 2 мыңнан аса науқас қайтыс болды. Биліктегілер елдің денсаулық сақтау жүйесі кеселге төтеп бере алмай жатқанын мәлімдеді.
Ал Германия билігі вакцинация жұмыстарын жеделдету керек деп дабыл қағуда. Қазіргі уақытта 5 миллионға жуық доза пайдаланылмаған. Ал елде вирус жұқтырғандар саны күн санап артып келеді.
Айта кетейік, бүгінде әлемде 145 миллионнан аса адам аталған дертке шалдыққан. 3 миллионнан көп науқас бақилық болды.