Бұл туралы ДҰҰ мәлімдеді
Әлемде коронавирустың екінші толқыны осы жылдың аяғына қарай басталуы мүмкін. Қазір әлем COVID-19-дың алғашқы толқынының ортасында тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулық сақтаудың төтенше жағдайлары бағдарламасының директоры Майкл Райан мәлімдеді.
Оның айтуынша, алдағы уақытта әр елде вирусты жұқтырған адамдардың саны салыстырмалы түрде азая бастайды. Яғни, бірінші толқын ақырындап бәсеңдейді. Алайда бірнеше айдан кейін аурудың жаңа толқыны басталады деп болжам жасаған.