Бұл туралы аталған ұйымның жанындағы Германияның тұрақты өкілі Кристоф Хойсген мәлімдеді
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі әлемдегі коронавирус пандемиясы аясындағы барлық қақтығыстардың ушығуын уақытша тоқтату туралы резолюция қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы аталған ұйымның жанындағы Германияның тұрақты өкілі Кристоф Хойсген мәлімдеді. Еске салайық, Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш 23 наурызда жаһандық ушығуларды тез арада тоқтатуға шақырған болатын.
Содан бері Қауіпсіздік кеңесі резолюция бойынша келісімге келе алмады. Басты талас АҚШ және Қытай өкілдерінің арасында өрбіді. Енді әскери қақтығыстардан бөлек, құжатта қаруланған қақтығыстың барлық тарапына "кем дегенде 90 күн үзіліссіз тұрақты гуманитарлық пауза" қоюға үндеу жасалған.
Яғни, пандемия кезінде гуманитарлық көмекті қауіпсіз әрі, кедергісіз жеткізуге болады.