Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

23.06.2020 21:24

Сот отырысына Атамбаевтың өзі қатыспаған

kabar.kg

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бүгін қылмыстық іске қатысты соңғы сот отырысы болды. Первомай аудандық сотының шешімімен ҚР бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ҚР Қылмыстық кодексі 43-бап 2-тармағы және 312-бап 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Оның барлық мемлекеттік марапаттары мен дүние-мүлкі тәркіленген.

Сот отырысына Атамбаевтың өзі қатыспаған.