Елшілік: Одесса облысындағы қазақстандықтар Молдова арқылы елге қайта алады

25.02.2022 21:33
inform.kz

Украинадағы Қазақстан Елшілігі елдің Одесса облысындағы қазақстандықтар Молдова шекара бекеті арқылы шыға алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

«Украинаның Одесса облысында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары Молдова Республикасының Сатро-Казачья, Тудора және Серпневое-1 шекара бекеттері арқылы елден шыға алады. Украина мен Молдова шекарасына дейін өз күшімен жетудің оңтайлы бағытын анықтап алуды ұсынамыз», – делінген елшіліктің хабарламасында.

Молдовадағы Қазақстан Республикасы елшілігінің байланыс телефондары: +373 61 070 550, +373 60 601 676, +373 69 474 722

Қазақстан Республикасының Молдовадағы құрметті консулы Роман Станковтың байланыс телефоны: +373 788 22 222.

Дереккөз: ҚазАқпарат