Отыз адам көз жұмды: Пәкістанда мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болды

04.03.2022 21:48

Жергілікті полицияның мәліметінше, пәкістандық Пешаварда жұма намазы кезінде террорист өзін-өзі жарып жіберген

© REUTERS / FAYAZ AZIZ

Пәкістанда жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болды. Оқиға салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тауып, тағы 50 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті полицияның мәліметінше, пәкістандық Пешаварда жұма намазы кезінде террорист өзін-өзі жарып жіберген.

Зардап шеккен ондаған адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жұмыс істеген құтқарушыларға куәгерлер көмектескен.

Аурухана өкілінің айтуынша, кем дегенде он адамның жағдайы ауыр.

Кейбір мәліметтер бойынша, лаңкестің жоспарын жүзеге асыруға көмектескен тағы адамдар болуы мүмкін.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан құтқару қызметтеріне барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.