Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны 912 адамға жетті, 5385 адам жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ошағы Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында болған 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан 912 адам қаза тауып, 5385 адам жарақат алды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
Оның сөзінше, бұл елде 1939 жылы болған зілзаладан кейінгі ең қуатты жер сілкінісі болып отыр. Ол кезде 33 мың адам мерт болған еді, 100 мың адам жарақат алды. Сондай-ақ зілзаладан Сирияның Алеппо, Латакия және Тартус сияқты бірнеше провинциясы қирады.
Реджеп Тайип Эрдоған Анкараның әлемнің 45 мемлекетінен көмек көрсету жөнінде ұсыныс түкенін мәлім етті.