Литва астанасында биылғы жылы Еуропадағы ең ерекше шырша орнатылды. Шырша 700 шырағы бар гирляндалармен безендірілді. Бұл цифр кездейсоқ таңдап алынған жоқ, өйткені Вильнюс қаласы биыл 700 жылдық мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегілер де шыршаны өте әдемі, әрі тартымды деп айтып жатыр.
25 метрлік Жаңа жылдық шырша бір қарағанда үш қабаттан тұратын тортқа ұқсайды. Диаметрі 22 метрді құрайды. Шыршаның үш қабаты да барокко стиліндегі ақ, жарқыраған әшекейлермен безендірілген.
Көркем композицияның қақ ортасына шырша орнатылып, ол алтын түсті ойыншықтармен және түрлі-түсті гирляндалармен безендірілген. Шыршаның төбесі, яғни торттың шамы "субұрқақ" стилінде сипатталады.