Қазақстандықтар мінген 3 автобус Украина шекарасында тұр – ҚР СІМ

Фото ©REUTERS
Фото ©REUTERS
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыртқы істер министрлігі Украинадан келетін алғашқы рейс 27 ақпанға шегерілуі мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров алғашқы репатриациялық рейс 26 ақпанда таңертең жүзеге асырылады деп жоспарланғанын немесе 27 ақпанға шегерілетінін айтты.

"Біздің азаматтарды Польшаға тасымалдаған автобустар шекара өткелінде 7 сағаттан аса кептелісте тұр. Ішінде әйелдер мен балалар бар. Жағдайды түсініп тұрған шығарсыздар. Сондықтан барлығын сабырға шақырамыз. Алдағы уақытта басқа да репатриациялық рейстер ұйымдастырылады", - деді Смадияров.

Новости партнеров