Оқиға Болгария делегациясы екі автобуспен әуежайдан қонақүйге келе жатқанда болған
Грузия астанасы Тбилисиде Болгария құрамасының ойыншылары мінген автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Тengrinews.kz сайты сілтеме жасап.
Оқиға Болгария делегациясы екі автобуспен әуежайдан қонақүйге келе жатқанда болған. Нәтижесінде автобус жүргізушсі екінші автобуспен соқтығысқан.
Осының салдарынан "Ботев" жартылай қорғаушысы Тодор Неделевтің көзіне сынған шишаның қалдықтары кірген. Футболшыны жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып барып ота жасады. Қазіргі таңда ойыншының жағдайы бірқалыпты.
Еске салайық, 12 маусымда УЕФА Ұлттар Лигасының төртінші турында Грузия мен Болгария құрамалары кездеседі. 5 маусым күні Болгариядағы матчта грузиндер қонақта 2:5 есебімен жеңіске жеткен еді.