Танымал әншіге оқ атылды

15.01.2020 22:56

Оқыс оқиға 2019 жылдың аяғында Мәскеудегі дәмханалардың бірінде болыпты

Culture.ru

Танымал ресейлік әнші Александр Серовтың аяғына оқ тиді. Бұл туралы ол StarHit басылымына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости.

Оқыс оқиға 2019 жылдың аяғында Мәскеудегі дәмханалардың бірінде болыпты. Отырыстың соңы төбелеске ұласып, ер адам әншінің аяғына травматикалық тапаншадан оқ атқан.

«Мәселені еркекше сөйлесіп, шешу үшін далаға шықтық. Алайда сөйлесе алған жоқпыз. Далаға шыққандардың бірінде тапанша болып, ол аяғыма оқ атып жіберді», - деді Александр Серов.

Ресей халық әртісінің айтуынша, күдікті оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Серов бұл оқиға бойынша полицияға арызданбапты.

Дәрігерлер оның аяғынан оқты алған. Қазір әншінің денсаулығы бірқалыпты.

«Шынымды айтсам, қазір аяғымды ақсап басып жүрмін. Жарақатым жазылып келе жатқан сияқты», - деді Ресей халық әртісі.

Сондай-ақ, ол қазір дәрігерлердің бақылауында екенін атап өтті.