Үндістанда ірі жол апатынан 14 адам қайтыс болды

14.02.2021 23:30

Полицияның айтуынша, апатқа микроавтобустың ұйықтап кеткен жүргізуші немесе көліктің жарылған шинасы себеп болуы мүмкін

timesofindia.indiatimes.com

Үндістанның Андхра-Прадеш штатында болған апат салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақаттанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы «The Times Of India» газетіне жазды.

Карнул округінің аумағындағы Мадар Пурам елді мекені маңында жолда микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, 14 адам оқиға орнында көз жұмған. Қайтыс тапқандардың арасында баланың болғандығы да айтылады. Төрт адам, оның ішінде екі бала ауыр жарақат алды.

Басылымның мәліметінше, зардап шеккендер ауруханаға жіберілген, олардың жағдайы ауыр. Полицияның айтуынша, апатқа микроавтобустың ұйықтап кеткен жүргізуші немесе көліктің жарылған шинасы себеп болуы мүмкін.