АҚШ Украинаға кезекті қаржылай көмек көрсетті

inform.kz
inform.kz
Әскери жәрдем құны 625 миллион долларға жеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ Украинаға кезекті қаржылай көмек көрсетті. Бұл жолы әскери жәрдем құны 625 миллион долларға жеткен. Ақпарат Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Бұл негізде Вашингтон тарапы Киевке 4 хаймерс кешені мен 32 зеңбірек және 200-ге тарта әскери көлік, қару-жарақ жібермек. Ал АҚШ президенті Украинаның 4 аймағындағы референдумды ұйымдастыруға қатысқандарға санкция күшейтіледі деп отыр. Жаһан жаңалықтары толығырақ тілші материалында.

Ресей президенті бүгін аннексияланған 4 облысқа қатысты Заңға қол қойды. Құжатта бұл аумақтардың губернаторы, олардың міндеті мен шекаралық бөлінісі көрсетілген. Федерацияның ақпарат агенттіктері таратқан мәліметке сүйенсек, қазір күшпен басып алынған облыстарда 9 миллионға тарта адам тұрады. Ал батыс елдері референдум арқылы Ресейге өткен аумақтарды мойындамайтынын, әрі оған толық билік орнатылмайтынын жеткізіп отыр.

«Мен Ресей Федерацияның президенті жариялаған барлық жарлыққа қарсы қол қойдым. 2014 жылдан бергі үкімдердің біз үшін енді күші жоқ. Жерімізді басып алуға бағытталған кез келген келісім мен шешімнің біз үшін түкке тұрмайтынын мәлімдеймін», – деді Украина Президенті Владимир Зеленский.

Әскери операцияның 8 айында ең көп зардап шеккені – Украинаның Николаев қаласы. Соғысқа дейін 1 жарым миллион тұрғыны болған шаһар бүгінде оңтүстік майданның маңызды бөлігіне айналған. Мұнда қақтығыс салдарынан 12 мыңнан астам ғимарат ойран болды. Қазір қалада су жоқ.

«Ресей Федерациясының әскери күштері арнайы операцияны жалғастырып жатыр. Купянск бағытындағы бекеттерге зымырандық соққы жасалды. Нәтижесінде Украина тарапының 100 сарбазы мен 13 әскери техника жойылды», – деді РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.

Украинаға әлі де әскери көмек көрсетіледі. Бұл ретте негізгі басымдық жоғары дәлдіктегі ұшу аппараттарына берілмек. Ақпаратты АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі растап отыр. Ал Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен Президент Джо Байден Вашингтон тарапы Ресей өткізген референдум нәтижесімен келіспейді деп мәлімдеді.

Мадина Оқас, Ернар Елдосұлы, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров