Маймыл шешегі: Африкада науқастар саны 22,8 мыңға жетті

elements.envato.com
elements.envato.com
Биыл вирус жұқтырған 622 адам қайтыс болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылдың басынан бері африкалық елдерде mpox вирусына («эмпокс» – маймыл шешегінің жаңа атауы) шалдыққандар саны 22,8 мың адамға жеткен. Бұл туралы Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv.

Биыл вирус жұқтырған 622 адам қайтыс болған. Ал соңғы аптада ауруға шалдыққандар саны 200 пайызға өсті.

Mpox індетінің ошағы – Конго Демократиялық Республикасы.  Аурудан ең көп зардап шегетін жас тобы – 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Вирус жұқтыру мен қайтыс болғандар саны туралы мәлімет әртүрлі болып шыққан. Бұл кейбір қызметтердің тек зертханалық расталған жағдайды санайтынына байланысты, ал басқалары mpox күдікті жағдайларын да санайды.

Қазір құрлықтың денсаулық сақтау саласында mpox таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ауру жұқтырған адамдар Африканың 18 елінен анықталды. 14 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкадағы mpox індеті халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай екенін жариялады.

Дереккөз: ТАСС ақпарат агенттігі

Оқи отырыңыз: ЖРВИ: Алматыда эпидемиологиялық жағдай қалай

Новости партнеров