Ресейлік ғылыми-зерттеу тереңсу аппаратында өрт шығып, 14 теңізші-сүңгуір қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
РФ Қорғаныс министрлігінің өкілдері қайғылы оқиғаның 1 шілдеде ресейлік аумақтық суында болғанын хабарлады. Аппарат Ресей Әскери-теңіз флотының мүддесімен Әлем мұхитының түбін және түп кеңістігін зерттеумен айналысқан.
Төтенше жағдай батиметрикалық өлшем жасау кезінде болған. Теңізшілер өрт өнімдерінен уланып қалған.
«Команданың жанкешті әрекеттерінің арқасында өрт ошағы жойылды. Терең су аппараты Солтүстік теңіз базасында орналасқан», - делінген хабарламада.