8 наурыз: гүл сатушылар төбелес шығарды

07.03.2025 10:00

Қазіргі таңда жанжалға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр

Ioann-Mark Kuznietsov/unsplash.com/

Санкт-Петербургте заңсыз гүл саудасына қарсы рейд кезінде гүл сатушылар мен қалалық әкімшіліктің мүлікті бақылау комитетінің қызметкерлері арасында төбелес болды. Бұл туралы комитет баспасөз хатшысы Анна Супитылева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

6 наурыз күні «Проспект Большевиков» метро станциясы маңында мимоза мен қызғалдақ сатушыларға қатысты тексеру жүргізілген. Алайда саудагерлер бұл шараға наразы болып, әкімдік қызметкерлерімен сөзге келген, жанжалдың арты төбелеске ұласты.

Оқиға барысында сатушылардың бірі мүлікті бақылау комитетінің қызметкерін итеріп жіберіп, оның заңсыз сауда нүктесіне жақындауына жол бермеген. Қазіргі таңда жанжалға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста жол жабылды