Сонымен қатар оқушы сабаққа қатыспаса да, мектеп директорының тапсырмасымен мұғалімдер оған баға қойып келгені сөз болды
Өзбекстандағы Науаи облысының Карман ауданындағы №15 мектептің 8-сынып оқушысы босанғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар оқушы сабаққа қатыспаса да, мектеп директорының тапсырмасымен мұғалімдер оған баға қойып келгені сөз болды.
Бұл оқиғаға байланысты облыстық мектепке дейінгі және мектеп білім басқармасы түсініктеме берді. Ведомствоның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.
«Оқушыға сабаққа қатыспаса да баға қойылғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Бұл мәселемен облыстық мектепке дейінгі және мектеп білім басқармасының қызметкерлері айналысып жатыр», – делінген ресми хабарламада.
Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат берілетіні айтылды.
Оқи отырыңыз: Бұқтырмада көлік мұз астына түсіп кетті