Адам сүйектерін сатумен айналысқан әйел ұсталды

iStock
iStock

52 жастағы әйел адам қаңқасын интернет-дүкен арқылы сатпақ болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың Флорида штатында тұратын әйел өзінің кәдесыйлар дүкенінен интернет арқылы адам сүйектерін сатты деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.  

Fox News арнасының хабарлауынша, тергеу 52 жастағы Кимберли Шоппердің адам сүйектерін әдейі сатып алғанын, содан кейін оны интернет-платформада қайта сатқанын анықтаған.

Полицейлер заңсыз бизнес туралы платформадағы дүкен парақшасының скриншоттары мен түрлі қаңқа қалдығын сату туралы хабарландырудан кейін білген. Тәртіп сақшылары интернет-дүкеннің ассортиментінен адам омыртқасын, жауырынын, иығы мен қабырғасын тапқан. Сондай-ақ бағасы 600 доллар тұратын жартылай бас сүйек те болған.

Сот-медициналық сараптама нәтижесінде кем дегенде 100 жыл болған бас сүйектің сынығы археологиялық олжа екені анықталды.  

Телеарна хабарлауынша, адам сүйегін сатумен айналысқан әйел ұсталып, бірер күннен кейін 7500 долларлық кепілдікпен босатылған. Дегенмен оған тағылған «адам қаңқасын сатты» деген айыптар алынып тасталған жоқ.

Оқи отырыңыз: Абай облысында полиция қызметкері қаза тапты

Новости партнеров