АҚШ-ғы ұшақ апаты: 18 адамның денесі табылды

BBC
BBC

Ұшақта 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі, ал тікұшақта 3 әскери қызметкер болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайына жақын маңда American Airlines авиакомпаниясының лайнері мен әскери тікұшақ соқтығысып, екеуі де Потомак өзеніне құлап түскен. Ұшақта 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі, ал тікұшақта 3 әскери қызметкер бары айтылды. Қазіргі уақытта өзеннен 18 адамның денесі табылды, тірі қалғандар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап. 

АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы (FAA) Bombardier CRJ700 ұшағы Канзас штатындағы Вичита қаласынан Вашингтонға тұрақты түрде рейс жасағанын хабарлады. Ұшақ Black Hawk (Sikorsky H-60) әскери тікұшағымен соқтығысқан. Тікұшақ бортында АҚШ армиясының үш қызметкері болды.

Пентагонның мәлімдеуінше, әскери тікұшақ Вирджиния штатындағы Форт-Белвуар базасынан ұшып шыққан. Ол әуеде оқу-жаттығу қимылдарын жасап жүрген екен.

Оқи отырыңыз: Энергетикалық сусын ішкен жасөспірім көз жұмды

Новости партнеров