АҚШ-та бір күн ішінде 1 мың алтын карта сатылып кетті

23.03.2025 15:24

Әлемде 37 миллион табысты адамның «Алтын карта» сатып алуға мүмкіндігі бар

cubaenmiami.com

АҚШ-тың Сауда министрі Говард Лютниктің мәлімдеуінше, ол бір күн бұрын әрқайсысы 5 миллион доллар тұратын 1000 иммиграциялық «Алтын картаны» сатқа, ндеп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

АҚШ-тың Сауда министрі Говард Лютник «All-In Podcast» бағдарламасында сөз сөйлеп, әлемде 37 миллион табысты адамның «Алтын картаны» сатып алуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Президент Дональд Трамптың пікірінше, АҚШ 1 миллион осындай картаны сатып, 5 трлн доллар табыс таба алады.

— Әлемде 37 миллион адам бұл картаны сатып алатын жағдайы бар. Президент біз миллионын сата аламыз деп есептейді, — деді Говард Лютник.

Әрқайсы 5 миллион доллар тұратын «Алтын карта» бағдарламасы шетелдік азаматтарға АҚШ-та тұрақты тұру құқығын береді және қолданыстағы EB-5 инвесторлық визасының орнына ұсынылып отыр.

Процесті оңтайландыру үшін Илона Масктың командасы арнайы бағдарламалық платформаны әзірлеп жатыр, ол шамамен екі аптадан кейін іске қосылады.

— Бүгіннен бастап шамамен екі апта ішінде ол [бағдарлама] қолданысқа енгізіледі. Илон мен үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеп жатыр, содан кейін ол іске қосылады, — деді Говард Лютник.

Бұған дейін Трамп Конгресте инфляциямен күрес шараларының бірі ретінде «Алтын карталарды» шығару және сату бастамасын көтерген болатын. Бұл бағдарлама табысты адамдардың АҚШ-та жұмыс орындарын ашып, салық төлеуіне мүмкіндік бермек.

Оқи отырыңыз: Қытайда үй жануарларын клондайтындар көбейді