АҚШ-та мектепте атыс болып, үш адам қайтыс болды

Wesley Tingey/unsplash.com/
Wesley Tingey/unsplash.com/

Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында шабуылға күдікті кәмелетке толмаған бала бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың Висконсин штатының Мадисон қаласындағы христиан мектебінде атыс болып, кемінде үш адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Полиция бұған дейін бес адамның мерт болғанын хабарлады, бірақ кейінірек олардың саны үшеу екені анықталды. 

Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында шабуылға күдікті кәмелетке толмаған бала бар — ол осы мектептің оқушысы болуы мүмкін.

Полицейлер оқиға орнына жеткенше күдікті әлдеқашан өліп қалғаны белгілі болды. Бұл ретте полиция қару қолданбағанын хабарлады. 

Мадисон қаласы — Висконсин штатының астанасы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Франция президенті Майоттаға ұшып, ұлттық аза тұту жариялайтыны анықталды.

Оқи отырыңыз: Нигерияда кеме апатқа ұшырап, 20 адам мерт болды

Новости партнеров