Астраханда тұрғын үйден өрт шығып, бес бала қаза тапты

РФ Астрахан облысы бойынша тергеу комитеті
РФ Астрахан облысы бойынша тергеу комитеті

Үй 20 сәуірге қараған түні өртке оранған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресей Федерациясының Астрахань қаласы маңындағы саяжайда орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір отбасының 5 баласы көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Газета.ру басылымы РФ Тергеу комитетінің аймақ бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Өртенген үй орнынан бес баланың мәйіті табылды. Балалар 4 пен 11 жас аралығында болған", - делінген хабарламада.

Үй 20 сәуірге қараған түні өртке оранған.

"Қайтыс болған балалардың анасы үйде болмаған. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қытайда 25-қабаттан құлап кеткен қыз бала ғайыптан аман қалды

Новости партнеров