Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 12 адам қаза тапты

22.02.2025 12:58

Жол апатынан екі жүргізуші де зардап шекпеген 

Photo: rtvonline.com

Бразилияның Сан-Паулу штатында автобус жүк көлігімен соқтығысып, соның салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

АР агенттігінің жазуынша, қайғылы жол апатынан сондай-ақ 11 адам жарақат алған. Бұл туралы елдің өртке қарсы қызмет өкілі хабарлаған.

"Оқиға бейсенбі күні түн ортасы шамасында Нупоранга муниципалитетінде болған. Автобуста 29 жолаушы болған, олардың көпшілігі Франка қаласындағы жеке оқу орны - Франка университетінің студенттері", - делінген хабарламада.

Жол апатынан екі жүргізуші де зардап шекпегені анықталды.

Тергеушілердің айтуынша, екі көлік бетпе-бет соқтығысқан, апатқа жүк көлігінің күрт маневр жасағаны себеп болған.

Оқи отырыңыз: Үндістанда вокзалдағы кептеліс кезінде 18 адам қаза тапты