Иран портындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 18-ге жетті

Мира Байбек
Associated Press
Associated Press

Жараланғандар саны 800-ден асты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Иранның Парсы шығанағы жағалауындағы Бендер-Аббас қаласы маңында орналасқан Шахид-Раджаи портында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 18-ге жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жергілікті Mehr агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Хормозган провинциясының төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Мехрдад Хасанзаде мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, бүгінде қаза болғандар 18 адамға жеткен, жараланғандар саны 800-ден асты", - деп атап өтті ресми өкіл.

Жарылыстың себептері туралы нақты ақпарат жоқ.

"Кеше кешке басталған өртті сөндіру операциясы аяқталып қалды. Өрт сөндіру топтары төтенше жағдайлар қызметінің қолдауымен және біздің және көршілес провинциялардың материалдық-техникалық ресурстарын пайдалана отырып, өртті ауыздықтай алды", - деді Хасанзаде.

Ол зардап шеккендердің үштен бірі ауруханаларға жеткізілгенін айтты.

Кейбір БАҚ жазуынша, жарылыс химиялық заттар қоймасынан шыққан, алайда себептері әлі анықталмаған. Жарылыс зымыран отынының құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылған заттан болған. Алайда Tasnim агенттігі төтенше жағдай жанармай багында тұтанған өрттен шыққанын алға тартады.

Өз кезегінде Иранның мұнай өнімдерін өндіру және таратумен айналысатын ұлттық компаниясы жарылыстың мұнай инфрақұрылымымен байланысты еместігін түсіндірді - мұнай өңдеу зауыттары мен құбырлар қалыпты жұмыс істеп тұр.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыстың қатты болғаны сонша, оның дыбысы Парсы шығанағындағы Бендер-Аббас портынан кем дегенде 20 шақырым жерде орналасқан Кешм аралында естілген.

Оқи отырыңыз: Алматыда қонақүйден өрт шықты: 100 адам эвакуацияланды

Новости партнеров