Қаза тапқандар саны 28-ге жетті: Иранда қаралы күн жарияланды

© AP Photo / IRNA/Mohammad Rasoul Moradi
© AP Photo / IRNA/Mohammad Rasoul Moradi

Алапат жарылыстан 1200-ден астамы жараланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы мәліметтер бойынша, Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас қаласындағы Шахид-Раджаи теңіз портындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 28-ге жетті, сондай-ақ 1200-ден астам адам жараланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Press TV агенттігінің жергілікті билік мәліметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, өрт әлі де толық сөндірілген жоқ, дегенмен қызыл жалынның 80 пайызы ауыздықталды. Түрлі дереккөздерге қарағанда, жанармай багы немесе қауіпті материалдар мен химиялық заттар бар қоймадағы зат жарылуы мүмкін.

«Алапат жарылыстан кем дегенде 28 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 1205-ке жетті», - делінген хабарламада. 

Қайғылы оқиғаға байланысты Хормозган провинциясында үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

Еске салайық, порттағы жарылыс 26 сәуір, яғни сенбі күні түстен кейін болған. Жарылыстың күшті болғаны сонша, Парсы шығанағындағы Бендер-Аббас портынан кемінде 20 шақырым жерде орналасқан Кешм аралында естілген. Бұған дейін жарылыстан 28 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын

Оқи отырыңыз: Иран портындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 18-ге жетті

Новости партнеров