"Қазақстандық оқу орнына түсіремін": Үндістан азаматы отандастарын алдап кеткен

13.04.2025 17:37

Алданған студенттер қазақстандық полицияға және Үндістан елшілігіне хабарласқан

Nicolas Gras / Unsplash

Үндістанның Шрикакуламе полициясында Гангадхар Хариш есімді азамат Қазақстанда медицина саласында оқуға орын тауып беремін деп бірнеше адамды алдаған. Ол өзіне жүгінгендерден 2 миллион рупий (шамамен 11-12 миллион теңге) алған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Іndiatimes.com жазуынша, бұған дейін жәбірленушілер берген шағымнан кейін полиция оған 10 ай бойы іздеу салған. Харишті Нью-Дели әуежайындағы иммиграция қызметкерлері елден қашпақ болған кезінде ұстап, Тихар түрмесіне ауыстырған. 

"Айыпталушы тек Шрикакуламе провинциясының өзінде студенттерден шамамен 2 миллион рупий (шамамен 11-12 миллион теңге) жинаған. Полиция оның Визианагарамда, Хайдарабадта, Медакта, Каримнагарда және басқа жерлерде ондаған студенттерді Қазақстандағы медициналық оқу орындарына орналастырамын деп уәде беріп, алдағанын айтты", - делінген хабарламада.

Оған қарсы Хайратабад полиция бөлімінде көптеген істер қозғалды. Көпшілік Қазақстанға барғаннан кейін ғана алданғандарын ұққан. Кейін елдеріне Үндістанға оралған соң полицияға шағымданған. 

"Ол Шрикакуламедегі Политехникалық колледждің жанында GGN International кеңсесін ашқан. Сосын жеті студенттен барлық оқу ақысын жинап, колледжге тек бірінші оқу жылына ғана төлеген. Ал бір жылдан кейн студенттер оқуын төлеу алмай, үйлеріне қайтуға мәжбүр болған. Ол студенттерге 6 жылдық оқу мен жатақхананы арзан бағада тауып беремін деп алдаған. Салдарынан тек бір жылдық оқуды ғана төлеген", - деді Махесвар Редди.

Колледжден шығарылғаннан кейін студенттер қазақстандық полицияға және Үндістанның осы елдегі елшілігіне хабарлаған. Кейін елдеріне оралғаннан кейін Шрикакуламға шағым түсірген. Кейбір шәкірттер мен ата-аналар да Харишпен қақтығысқа түсті.

Шрикакуламнан келген студенттер Нұр-сұлтан қаласындағы Астана Медицина университетіне қабылданған. Бұл Қазақстанда MBBS бағытында 14-ші орында және оқу құнының төмендігіне байланысты таңдаулы оқу орны. 

Оқу отырыңыз: Тәжікстанда жер сілкінісінен бір бала қаза болды