Конгода белгісіз аурудан 53 адам қайтыс болды

Stephen Andrews/ unsplash.com/
Stephen Andrews/ unsplash.com/

Ауырып қалғандарда қызба, қалтырау, бас ауруы, буындардың сырқырауы сынды симптомдар байқалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Конгоның Басанкусу қаласында белгісіз дерт тарап, халық жаппай ауруға шалдығып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Аурудың жаппай орын алуы 21 қаңтарда басталды. Сол кезден бері 419 жағдай тіркеліп, 53 адам қайтыс болды. Аурудың өлім-жітіммен аяқталу болжамы – 5,5%", - делінген Басанкусу қаласының билігі таратқан ақпаратта.

Науқастарға жасалған экспресс-сынамалардың жартысы безгекке оң реакция берген. Ауырып қалғандарда қызба, қалтырау, бас ауруы, буындардың сырқырауы сынды симптомдар байқалған.

Оқи отырыңыз: Үш облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Новости партнеров