Қытай келер жылы ұшатын көліктерді көптеп шығара бастамақ

09.03.2025 16:44

LAC құрылғысын жыл сайын он мыңдап шығару жоспарланған

© AP Photo / Kamran Jebreili

2026 жылы Қытай ұшатын көліктердің сериялық өндірісін бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы компанияның басқарма төрағасы, 14-ші шақырылымдағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының депутаты Хэ Сяопэн мәлімдеді.

«Қытайлық XPeng Motors электромобиль өндірушісі 2026 жылға қарай ұшатын көліктерді жаппай шығаруды жоспарлап отыр», - деді ол.

Бірінші кезеңде Land Aircraft Carrier (LAC) көлігінің ұшатын модулін құру көзделіп отыр. Жыл сайын осындай құрылғыны 10 мыңдап шығару жоспарланған.

LAC 12 және 17 қарашада Чжухайдағы Airshow China көрмесінде көрсетіледі, онда ол өзінің алғашқы рейсін жасайды.

Оқи отырыңыз: Бойжеткен 115 жыл бұрын салынған картинадан өзін көріп, қайран қалған