Қытайда қарттар үйі өртеніп, 20 адам қаза тапты

perak.sinchew.com
perak.sinchew.com

Өрт кезінде ғимаратта 39 қарт адам болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы қарттар үйіндегі өрттен кемінде 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Синьхуа агенттігінің хабарлаынша, өрт сейсенбі күні кешкі сағат 21:00 шамасында Чэндэ штатындағы Лонхуа округінде тұтанған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт кезінде ғимаратта 39 қарт адам болған.

«Өрт шамамен сағат 23:00-де сөндірілді. Сәрсенбі күні таңғы сағат 3.00-тегі жағдай бойынша 20 адамның қайтыс болғаны расталды. Қалған 19 адам медициналық бақылаудан өту үшін ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қарттар үйіне жауапты тұлға полиция бақылауына алынды. Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ер адам әйелінің басына бензин құйып, өртеп жіберген

Новости партнеров