Әлемдегі ең бай қалалар белгілі болды

10.04.2025 09:50

Бұл адамдардың ең кедейі де кем дегенде 1 миллион долларлық байлыққа ие

Kit Suman/unsplash.com/

Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең бай қалалардың рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейтингтің көш басында – Нью-Йорк (АҚШ) тұр, онда 384 500 өте бай адам тұрады, олардың 66-ы – миллиардерлер. Бұл адамдардың ең кедейі де кем дегенде 1 миллион долларлық байлыққа ие.

Сан-Франциско 2-орынға Кремний алқабымен бірге шықты. Бұл аймақта 342 000 адам ресми түрде бай немесе миллионер деп саналады, ал миллиардерлер саны – 82, бұл Нью-Йорктен көп.

Әлемдегі ең бай 10 қала:

  • Нью-Йорк (миллионерлер – 384 500, миллиардерлер – 66);
  • Сан-Франциско (342 000 / 82);
  • Токио (292 300 / 18);
  • Сингапур (242 400 / 30);
  • Лос-Анджелес (220 600 / 45);
  • Лондон (178 000 / 23);
  • Париж (160 100 / 22);
  • Гонконг (154 900 / 40);
  • Сидней (152 900 / 22);
  • Чикаго (127 100 / 25).

Оқи отырыңыз: Қазақстан түрмелеріндегі 39 мың адамның 6,4 мыңы дін ұстанады