Cаябақ 1988 жылы жолдағы бос орынды тиімді пайдалану үшін құрылған
Әлемдегі ең кішкентай саябақ Токио маңында орналасқан. Оның ауданы небәрі 0,24 шаршы метрді құрайды – бұл шамамен екі А3 қағаз парағының өлшемі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған фактіні Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері растады. Cаябақ 1988 жылы жолдағы бос орынды тиімді пайдалану үшін құрылған.
Жергілікті тұрғын ерекше идеяны АҚШ-қа сапарында сол кездегі Орегон штатындағы ең кішкентай саябақ Mill Ends-ті көріп, одан да кішігірім саябақ жасап, жаңа рекорд орнатуға шешім қабылдаған.
Бір адамға арналған шағын орындық, кішкене ғана шөп пен кіреберіс алаңы бар саябақ суретке түсуді ұнататын туристер арасында танымал. Ол 2024 жылдың 25 желтоқсанында қалалық саябақ ресми мәртебесін алды.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы басталады