Қаза тапқандардың дені әйелдер болған
Малидің батысында заңсыз жұмыс істеп тұрған алтын кеніші опырылып құлап, кем дегенде 48 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Xinhua агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Кайес аймағының Кениба ауданында болған.
Ақпаратқа сәйкес, бір топ әйел алтын іздеумен айналысатын заңсыз шахтаның үстіне экскаватор құлаған. Агенттік мәліметінше, оқиға орнында кемінде 48 адам қаза тауып, тағы 10 шақты адам ауыр жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілген.
"Кейбір дереккөздер 50-ден астам адам қаза болғанын хабарлады. Дегенмен, қазір қаза болғандардың нақты санды растау қиын, себебі кейбір жарақаттардың ауырлығына байланысты олардың саны кез келген уақытта артуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Онлайн сатып алу кезіндегі ықтимал қауіптер қандай - ІІМ ескертеді