Мьянмада тағы бір жер сілкінісі болды

09.04.2025 16:30

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 14:58-де тіркелген

Report

Мьянмадағы Мандалай қаласынан солтүстікке қарай 60 шақырым жерде магнитудасы 5,2 дәрежелі жер сілкінісі болды. Бұл туралы Тайландтың метеорологиялық департаменті хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 14:58-де тіркелген, ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Айта кетейік, 28 наурызда Мьянмада магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері көршілес бес елде де сезілді. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 3 600 адам, жараланғандар саны 5 000-нан асты.

Оқи отырыңыз: Көлсай көлдері ұлттық паркінде сирек кездесетін құс байқалды