Оқиға салдарынан 15 адам зардап шекті, екеуі ауыр жарақат алған
Оңтүстік Кореяда әскери оқу-жаттығулар кезінде К-16 жойғыш ұшақтың ұшқыштары Почхон қаласындағы тұрғын ауданға абайсызда МК-82 әуе бомбаларын тастап жіберген, деп хабарлайды Аlmaty.tv .
Yonhap агенттігінің жазуынша,оқиға туралы бейсенбі, яғни 6 наурызда жергілікті уақытпен сағат 10.00 шамасында белгілі болды.
Бомбалардың екі жойғыш ұшақтан тасталғаны туралы хабарлама тарады.
«Әуе бомбаларының тасталуы салдарынан 15 адам зардап шекті. Олардың 10-ы ауруханаға жатқызылды, екеуі ауыр жарақат алған. Сонымен қатар бірнеше ғимарат, соның ішінде ғибадатхана мен жүк көлігі зақымданған», - делінген хабарламада.
Оқиға Солтүстік Кореямен шекараға жақын жерде АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен оқу-жаттығулары кезінде болған.
Оңтүстік Корея Әскери-әуе күштерінің хабарлауынша, ұшқыш оқу-жаттығу ұшуына дайындалу кезінде қате координаттарды енгізген, соның салдарынан бомба қате жіберілген.
Оңтүстік Кореяның әскери-әуе күштері «бомбалардың абайсызда тасталғанына қатты өкінетінін», жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілеп, «шығынды қоса алғанда, барлық қажетті шараны қабылдауға» уәде берді.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.
Оқи отырыңыз: Балабақша директоры бүлдіршіннің бөтелкесін зәрмен толтырған